Тараз қаласында алғаш рет күрделі ота жасалды. Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жасөспірімнің жүректегі туа біткен ақауын емдеу үшін жасалған ота сәтті өтті.
Дүниеге келгелі бері дәрігерлердің бақылауында болған науқас – 16 жастағы бозбала. Оның жүрегіндегі аорталық қақпақ қалыпты үш жармалы емес, екі жармалы болып қалыптасқан. Мұндай жағдайда жүрек қақпағы толық ашылып-жабылмай, қан айналымына кедергі келтіреді. Уақыт өте келе жасөспірімде ентігу мен шаршағыштық байқалып, күнделікті қозғалыс та қиынға соға бастаған. Мамандар жүрекке жасалған арнайы тексеріс кезінде қақпақтан өту кезіндегі қан қысымының айырмасы 100 мм сынап бағанасына жеткенін анықтады. Бұл – қалыптыдан бірнеше есе жоғары көрсеткіш. Бозбаланың өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған дәрігерлер шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдайды.
– Отаны балалар кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Икром Мұхамедов, бас дәрігер Алмас Әлібеков және басқа да тәжірибелі әріптестеріммен бірге жасадық. Операцияда Озаки әдісін қолдандық. Бұл – Жапонияда пайда болған және бүгінде дамыған елдерде кеңінен қолданылатын озық тәсіл. Оның ерекшелігі – жүрек қақпағы науқастың өз жүрек қабығынан, яғни перикардтан жасалып, қайта қалыптастырылады, – дейді орталық басшысы, профессор Сейітхан Жошыбаев.
Операция сәтті өтіп, қақпақтағы қысым айырмасы 100-ден 6 мм сынап бағанасына дейін төмендеген. Жүректегі кері қан ағымы тоқтап, баланың жағдайы тұрақталды. Енді ол қалыпты өмір сүрумен қатар, спортпен де айналыса алады. Мұндай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалатынын айта кеткен жөн.
Аqjolgazet.kz

04.10.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
СЕРДЦЕ СНОВА БЬЕТСЯ РОВНО: В СЕМЕE ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ БЕСПЛАТНО
В Университетском госпитале НАО «МУС» города Семей 77-летней пациентке успешно проведена операция на сердце — одинарное внутреннее маммарно-коронарное шунтирование.
16.09.2025
ВРАЧИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СПАСЛИ ПЯТИЛЕТНЕГО РЕБЕНКА В КРИТИЧЕСКОМ СОСТОЯНИИ
В Районную больницу №1 села Шелек Алматинской области в экстренном порядке поступила пятилетняя девочка с крайне тяжелым диагнозом.
08.09.2025
ЖАСӨСПІРІМГЕ ЖАСАНДЫ ОМЫРТҚА ОРНАТЫЛДЫ
Түркістан облыстық балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірімге МӘМС шеңберінде күрделі операция жасалды.
02.09.2025